
Образование
13.10.2025
"Отбасылық демалыс – болашаққа инвестиция" атты эстафета аясында отбасылық спорттық сайыс өтті
2025 жылғы 16 қыркүйек күні мектебімізде 6-сыныптар арасында "Отбасылық демалыс – болашаққа инвестиция" атты эстафета аясында отбасылық спорттық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылар мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты арттыру.
Бұл тартысты бәсекеде өз белсенділіктерімен көзге түскен отбасылар:
І орын – Мерешовтер отбасы
ІІ орын – Сұлтановтар отбасы
III орын – Мұратовтар отбасы
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасылар арасындағы бірлік пен серіктестік – ұрпақ тәрбиесінің берік іргетасы.